Бесікті орта мектеп-интернатының білім алушылардың бірыңғай
мектеп формасының үлгісін анықтау туралы ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
2018 жылы 17 мамыр күні Бесікті орта мектеп-интернатында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысқан ата-ана саны – 85
Мектеп-интернат мұғалімдері, сынып жетекшілер
Пайдаланылған материалдар: слаидтар
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
«Білім алушылардың бірыңғай мектеп формасынның үлгісін
талқылау және анықтау туралы»
Мектеп-интернат директоры Кушенова Л.О
Тыңдалды: Мектеп-интернат директоры Кушенова Л. О. қалалық білім бөлімі, Облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 5 мамырдағы №15-4-10/1423 санды , білім алушылардың бірыңғай мектеп формасының үлгісін анықтау мақсатында жіберген хатына сәйкес ата-аналарды мектеп формасының үлгісімен слаидтар арқылы таныстырды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру туралы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды» басшылыққа ала отырып;
2017-2018 оқу жылында білім алушылардың мектеп формасының түсі: қою қара көк
Ұл балаларға да, қыз балаларға да өздерінің таңдауы бойынша ақ жейде
(күнделікті, мерекелік) кию ұсынылады
Ұл балаларға арналған мектеп формасы
Үсті: негізгісі-жилет (күннің суық мезгілінде-пиджак, трикотаж жилет)
Асты: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы-тобықты жауып тұрады)
Қыз балаларға арналған мектеп формасы
Үсті: негізгісі-жилет (күннің суық мезгілінде-пиджак, трикотаж жилет)
Асты: үлгісі таңдау бойынша етек (ұзындығы-тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керек) Ескертпе: жилеттің кеуде ойығы өте үлкен болмауы керек.
Тыңдалды:ата-ана Балғожин А
Бүгінгі жиналыста міндетті бірыңғай мектеп формасының үлгілерімен танысып отырмыз. Мектеп формасы біз оқушы болған кезде жақсы жолға қойылған болатын, соңғы кезде мектеп формасы сақталмай, әртүрлі киім кигені белгілі. Жалпы бірыңғай форма болғаны дұрыс, біз қолдаймыз, балаларымызға осы үлгідегі мектеп формасын алып береміз.
Тыңдалды: ата-ана Қонысбаева А
Соңғы уақытта көп мектептерде оқушылар мектеп формасын сақтамай діни бағытта киініп кеп , олардың ата-аналарымен арада келіспеушіліктер туындап жүргендігін күнделікті ақпарат құралдарынан көріп-біліп жатырмыз. Бұл дұрыс емес, бала мектеп формасын сақтап жүруі міндетті, сондықтан, мен аталған үлгідегі мектеп формасын өз балаларыма алып немесе тіктіріп беруге әзірмін және барлық ата-аналарға балаларының үлгідегі мектеп формасын сақтауға шақырамын.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша ата-аналар сөйлеп, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Ата-аналар келесі оқу жылында балаларына аталған мектеп формасын тіктіріп немесе алып беруге келісті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы :
1.Білім алушылардың мектеп формасын сақтап жүруін қадағалау ата-аналар мен сынып жетекшілерге тапсырылсын.
Жиналыс төрайымы: Кушенова Л.О
Хатшы: Шоқанова Г