31 Желт 2021
Материал Бесікті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 

Жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп-интернаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   2021-2022 оқу жылында жүргізілетін іс – шаралар жоспары жасақталып жұмыстар жүрггізілуде.

Мақсаты : Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.Жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру; жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты түсініктердің төңірегінде қалыптастыру; Таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс. 1-11сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық деген не?»,

«Жемқорлыққа жол жоқ», сынып сағаттар өтті. 

Мектебімізде «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған «Сенім жәшіктерінің» оңтайлы жұмыс істеуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрышын жасақтал.

Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары. А.Кабиева


«Білім алушылардың  мектеп формасын туралы»

2021– 2022 оқу жылында білім алушылардың мектеп формасының елдегі эпедемиялық талаптарды ескере отырып бідім алушылардың мектеп  формасы қатаң талаптар қойылмады . түсі: қою көк, қара, Ұл балаларға, қыз балаларға да өздерінің таңдауы бойынша ақ жейде (күнделікті, мерекелік) кию ұсынылады.Ұл балаларға арналған мектеп формасы: классикалық үлгідегі шалбар


Бесікті орта мектеп – интернатта Діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында  жүргізілген жұмыстар

2021-2022 оқу жылында мектебімізде антитеррорлық комиссия құру туралы бұйрық шығарылып, терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспары бекітіліп шаралар атқарылуда.

2021 жылға нысана ішілік күн тәртібі мен кіруге рұқсатнама  туралы ереже жасақталды.

Ауысымға түсер алдында күзет қызметкерлері мен вахтер, кезекші мұғалімдер «Нысана,  күн тәртібі мен рұқсат тәртібі туралы нұсқаулық» бойынша жұмыс жасауда.

Террорлық қауіп төнгендегі іс-әрекет жөнінде жеке құраммен (қызметкерлермен) теориялық және практикалық сабақтар жүргізілді. Терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл және оқу орны қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша антитеррорлық комиссия жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Оқу орнында антитеррорлық қызмет мәселелері бойынша ІІД, ТЖД-мен үнемі өзара байланыс ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Күнделікті мектептің сыртқы қоршаулары мен жарық беру құралдарының жарамдылығы, ғимараттың кіру-шығу негізгі және қосалқы есіктерінің жағдайымен ұсталуы, күзету және қорғау техникалық құралдарының жұмыс қабілеттілігі, бөлмелердің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауы тұрақты тексеріліп отырады.

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Доскалиев Р мектеп оқушыларымен террорлық сипаттағы жағдай туындаған кезде өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасауы туралы нұсқаулық сабақтар өткізді.

«ҚР діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен жұмыс жасау іс-тәжірибесінен» тақырыбында сынып жетекшілер арасында семинар өтті.

Террористік іс-әрекет кезінде жарақат алған жағдайда өзіне және өзара көмек көрсету бағытында медбике Бисекенова Л лекция оқып, соңынан практикамен ұштастырды. Оқушыларға теріс пиғылды идеологияны тұрақты қажетсінбеуді қалыптастыруға бағытталған тақырыптық роликтер (фильмдер) көрсетілді. Экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін сана қалыптастыру мақсатында оқушылармен мектеп психологтары Алимкулова А, Жонасова Б тренинг өткізді.