Бесікті орта мектеп-интернат әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 24.01-28.01.аралығында өтетін 7«Сыпайылық - адамгершілік айнасы» атты сынып жетекшілер бірлестігінің апталығын өткізу туралы іс-шаралар жоспары.Мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю - адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;