11 Тамыз 2022
Жаналықтар

Мектепке жол

           Атырау облысы  Білім  беру  басқармасының  Атырау  қаласы  білім  бөлімінің «Жалпы  білім  беретін  Бесікті  орта  мектеп –интернат»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  Атырау  қалалық  білім бөлімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№06-02-11-08/2074  санды  “Мектепке  жол”  республикалық  акциясын ұйымдастыру және  өткізу  туралы хатын басшылыққа  алып,  акцияны өткізу  үшін  комиссия  құрамы  бекітіліп,  Бұйрығы  шығарылды,  іс-шаралар  жоспары  жасақталды.

Акцияның  мақсаты: мектеп  жасындағы  барлық  балалар,  оның  ішінде аз қамтылған, көп балалы, жайсыз, толық емес отбасылардан  шыққан, жетім және  ата-ананың  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  оқумен қамтылуына  жағдай  жасау. Осыған орай сыныптар  бойынша  оқушылар  тізімі  алынып,  сыныптың әлеуметтік паспорты  дайындалуда. Атаулы көмек алатын оқушылар тізімі алынды. “Балаларға  жақсылық сыйла!” атты ұранмен  жеке кәсіпкерлерге  хат жолданып,  мұғалімдер  арасында қайырымдылық  шарасы өтіп жатыр. Тізімге  алынған  көмекке  мұқтаж  отбасының  балалары мектеп киімі, спорттық киім, оқу –құралдарымен қамтамасыз етіледі.

 

Байланыс телефоны: 87782458706